378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сингапур тұрғындары ерекше табиғи құбылыстың куәгері болды

  • 167
  • UPD: 20:00, 11.05.2019

Шаһардың іскер ауданына жақын теңізде су құйынға айналып, көтерілді.

Айдында 15-20 минуттай шыр айналған алып иірім жағаға жеткенде жоғалып, қалаға нөсер құйып берді. Ауа райын болжаушылар «бұл – дауыл емес, жауын кезінде құйынның энергиясымен судың көкке көтерілуінен пайда болатын табиғи құбылыс. Ол теңіздегі найзағаймен байланысты», – дейді. Ал Сингапурде жыл сайын осындай 2-3 құбылыс тіркеледі екен.

Хабар 24 телеарнасы