378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ әлем халқын Ливия босқындарына көмектесуге шақырды

  • 85
  • UPD: 20:12, 15.05.2019
БҰҰ әлем халқын Ливия босқындарына көмектесуге шақырды

Шетелден бірер ақпар. Ливиядағы әскери қақтығыстар бәсеңдемей, босқындарды елге қайтармау керек.

БҰҰ жаһан жұртшылығын осы мәселеде қолдау көрсетуге шақырды. Тек соңғы аптада 944 ливиялық Жерорта теңізі арқылы елден қашып шыққан. Ал өткен жұма күні 65 босқынның Тунис жағалауында суға кеткені белгілі. 871 адам құтқарылғанмен Ливияға кері қайтарылған.  БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғары комиссарының айтуынша, бұл онсыз да үрейлі жандарды қайта тозаққа аттандырумен бірдей.

Чарли Яксли, БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары кеңсесінің баспасөз хатшысы:

- Мәселені шешудің екі жолын ұсынып отырмыз. Оның бірі Жерорта теңізінде іздеу-құтқару жұмысының ауқымын ұлғайту. Яғни теңізге көбірек құтқару кемелерін жіберу қажет. Сондай-ақ әскери шиеленістің салдарынан қиын жағдайға қалған Ливия азаматтарына  әлемдік қауымдастық қол ұшын созса дейміз.

Хабар 24 телеарнасы