383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Конгода Эбола дертінен қаза тапқандар саны артты

  • 150
  • UPD: 13:41, 20.05.2019
Конгода Эбола дертінен қаза тапқандар саны артты

Конго демократиялық республикасында Эбола дертінен көз жұмғандардың саны бір жүз адамға артты.

Бұл туралы елдің денсаулық министрлігі хабарлады. Бұған дейін 1 мың 105 адамның қайтыс болғаны жайлы ақпар тараған болатын. Естеріңізге салсақ, алғаш рет Эбола вирустық инфекциясы Батыс Африкада 2015 жылы белең алған. Ол кезде індет Гвинея, Сьерра-Леоне және Либерия мемлекеттерін жайпап өтті. Конго еліндегі дерттің таралуы былтырғы жылдың шілде айында басталған.

Хабар 24 телеарнасы