382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕАЭО мен Бангладеш ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды

  • 92
ЕАЭО мен Бангладеш ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды

Еуразиялық экономикалық одақ пен Бангладеш сауда қарым-қатынастарын дамытуға ниетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қос тарап осы ретте ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды. Саудадағы кедергілерді азайту, фитосанитарлық шаралар, техникалық және кедендік бақылау мәселелерін талқылау үшін жұмыс тобы құрылады. Оның алғашқы мәжілісі 2019 жылдың соңында Бангладеш астанасы Дакка қаласында өтеді.

Типу Мунш, Бангладеш халық республикасының сауда министрі:

– Бангладеш бұрыннан бері Ресеймен достық қарым-қатынаста. Енді Еуразиялық экономикалық одақ құрамындағы бес мемлекетпен ынтымақтаса жұмыс істейміз. Бұл аймақтағы өзге елдерге жақсы үлгі болар деген үміттеміз.

Татьяна Валовая, ЕЭК интеграция және макроэкономика министрі:

– Бұл алаңның артықшылығы – бес елдің бизнес серіктестеріне кездесуге мүмкіндік беру. Мысалы Қырғызстанға Бангладештегі әріптестерімен бас қосатын алаң табу қиын. Ал олардың талқылайтын тақырыбы көп. Мәселен, былтыр Қырғызстанның Бангладешке экспорты жүз есе артқан.

Хабар 24 телеарнасы