389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Федерика Могерини: Солтүстіккореялық мәселе әскери емес тек бейбіт жолмен шешілуі тиіс

  • 295
  • UPD: 12:17, 02.06.2019
Федерика Могерини: Солтүстіккореялық мәселе әскери емес тек бейбіт жолмен шешілуі тиіс

«Солтүстік Корея ядролық қарудан толық бас тартпайынша, Еуропалық одақ бұл елден санкцияларды алмайды».

Мұндай мәлімдемені ұйымның Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Могерини Сингапурдегі халықаралық конференция барысында жасады. Бірақ Могерини солтүстіккореялық мәселе әскери емес тек бейбіт жолмен шешілуі тиіс деп атап өтті. Айта кетейік, қазір халықаралық қауымдастық Солтүстік Кореяға қарсы ең қатаң санкцияларды қолданып отыр. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2397 қарары бұл елге мұнай өнімдерін кіргізуге тыйым салады. Және де әлемнің барлық еліне осы жылдың соңына дейін солтүстіккореялық жұмысшыларды отанына кері қайтаруды міндеттейді.

Хабар 24 телеарнасы