384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австрияда канцлер қызметін уақытша атқару әйел адамға жүктелді

  • 86
  • UPD: 12:28, 04.06.2019
Австрияда канцлер қызметін уақытша атқару әйел адамға жүктелді

Австрияның бас соты Бригитте Бирляйн қыркүйек айында өткізілетін сайлауға дейін уақытша канцлердің қызметін атқарады.

69 жастағы Бирляйн Австрия тарихындағы тұңғыш әйел канцлері атанды. Естеріңізге салсақ, өткен аптада сенімсіздік вотумын білдірген Парламент Себастьян Курцты ел билігінен шеттеті. Бұған мемлекетті басқарушы Австрияның халықтық және азаттық партиясы одағының ыдырауы себеп болған. Атап айтқанда, азаттық партиясының көшбасшысы Хайнц-Кристиан Штрахенің саяси жанжалға байланысты отставкаға кеткен еді. Оған жемқорлыққа қатысы бар деген айып тағылған.

Хабар 24 телеарнасы