389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чилиде тау кенінде апат болды

  • 164
Чилиде тау кенінде апат болды

Чилидің солтүстігіндегі кен орнының бірінде апат болып, 3 жұмысшы қамалып қалды.

Төтенше оқиға кеннің сыртына шығарылған қалдықтардың көшуінен орын алған. Салдарынан 70 метр тереңдікте желдеткішті жөндеп жатқан 3 жұмысшы бітеліп қалған. Олар өздерінің аман екенін бос жәшікті тарсылдатып қағып, дыбыс беру арқылы білдірген. Қазір құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Мамандар оларға жету үшін кеннің аузын әлсіз жарылғыштармен жармақ ойда.

Хабар 24 телеарнасы