384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемдегі ең алып ұшақ саудаға қойылды

  • 222
  • UPD: 10:50, 16.06.2019
Әлемдегі ең алып ұшақ саудаға қойылды

Әлемдегі ең үлкен әуе кемесі атанған Stratolaunch эксперименттік катамаран ұшағын 400 миллион долларға сату көзделді.

Stratolaunch орбитаға зымыранды ұшыруға арналған. Телеарнаның мәліметтерінше, бағаға ұшаққа ие болумен қатар зияткерлік меншік және жобаға байланысты инфрақұрылым да кіреді.

Еске сала кетсек, сәуірде Stratolaunch АҚШ-тың оңтүстік батысындағы Мохаве шөлінің үстімен ұшып өткен еді. Сынақ кезінде әуе кемесі  5 шақырымнан жоғары биіктікке көтеріліп, сағатына 304 шақырым жылдамдықты бағындырды. Stratolaunch әуе кемесін жабдықтау 2017 жылы аяқталды. Оның қанат құлашы 117,3 метр. Бұл ұшақ құрылысындағы абсолютті рекорд. Ал салмағы 226,8 тонна. Оған Boeing 747-нің алты қозғалтқышы және 28 дөңгелек орнатылған.

Хабар 24 телеарнасы