389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Малайзия премьер-министрі 298 жолаушы ажал құшқан әуе апатына қатысты мәлімдеме жасады

  • 262
Малайзия премьер-министрі 298 жолаушы ажал құшқан әуе апатына қатысты мәлімдеме жасады

«Украинада 2014 жылы атып түсіп түсірілген Boeing-777 жолаушылар ұшағы үшін Ресейді айыптауда саяси астар бар»

Мұндай мәлімдемені Малайзия премьер-министрі Махатхир Мохаммад жасады. Оның айтуынша, МН17 рейсінің апатын тергеу Ресейді кіналауға бағытталған. Және де айғақтар дәлелсіз.

Еске сала кетейік, 2014 жылы Амстердамнан Куала-Лумпурге ұшып шыққан МН17 рейсі Украинаның Донецк облысында атып түсірілген болатын. «Малайзия әуе жолдарына» тиесілі лайнер бортындағы 298 жолаушының бәрі қаза тапты. Тергеу ұшақтың Ресейдің Курск өңіріндегі 53-бригадасына тиесілі «Бук» зымырандық кешенімен атқыланғанын анықтайды. Халықаралық тергеушілер оған 3 ресейлік пен 1 украиналықтың қатысы бар деп мәлімдеді. Ал Ресей тағылған айыпты жоққа шығарып отыр.

Хабар 24 телеарнасы