384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әзербайжанда балаларға арналған салалық лагерьлер көбеюде

  • 377
  • UPD: 10:14, 24.06.2019

Қазірдің өзінде экология, спорт немесе шығармашылыққа бағытталған демалыс орындары бар.

Онда мамандар оқушыны жан-жақты дамытуға күш салады. Жазғы лагерьлерді ұйымдастыруға мемлекеттік мекемелермен бірге жекеменшік компаниялар да атсалысады.

Әзербайжанда оқушылардың жазғы лагерін ұйымдастырумен мемлекеттік мекемелермен бірге жекеменшік компаниялар да айналысады. Мұнда жазғы мектеп, балаларды сауықтыру орталығы және оқушы лагеріне қоса арнайы бағытта құрылған тақырыптық алаңдар көбейген. Олар сауықтырып, тәрбиелеумен қатар оқушылардың қабілетін анықтап, дамытуға негізделген. 

Фируза Султанзаде, Әзербайжан білім министрлігі жанындағы балалар мен жастарды дамыту орталығының директоры:

– Біздің мекеме сынды ұйымдар жыл сайын жазда 2 немесе 3 арнайы демалыс лагерін ұйымдастырды. Олардың бәрі тегін. Бұл демалыс орындары ерекше қабілетімен көзге түскен, олимпиадаларда жеңіске жеткен балаларға арналған. Мысалы, экологиялық, спорттық, көркемдік лагерьлер бар.

Биылдыққа мамандандырылған бұл лагерьлерде 1 мыңға жуық бала демалады. Бірақ бұл жеткіліксіз. Сондықтан мемлекеттік мекемелермен бірге жекеменшік демалыс орындары да жұмыс істейді. Онда бір баланың демалу ақысы 90-500 доллар аралығында.

Айнура Гаджиева, жергілікті тұрғын:

– Менің екі қызым бар. Қазір олар лагерьге дайындалып жатыр. Бұрын оларды жіберуге қорқушы едік. Бірақ қазір көзқарасымызды өзгерттік. Себебі, баланың дербес және өздеріне сенімді болып өсуі маңызды ғой.

Гюнель Гулиева, жергілікті тұрғын:

– Лагерьде демалу баланың әлеуметтік тұрғыдан дамуына пайдалы. Өзгерістер бірден байқалады. Олардың өздеріне деген сенімі артып, жеке істерінде ата-анасының көмегінсіз әрекет етуге бейімделеді. Лагерьдегі ереже оларды тәртіпке үйретеді.

Мамандар осылайша ата-аналардың да жаздық лагерьлерді дамытуды қалайтынын айтады. Өйткені балалар мұнда өзін еркін сезініп, қарым-қабілетін дамыта түседі.

Авторлары: Шафаг Алиева, Айгюн Гасан

Хабар 24 телеарнасы