384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстандағы жарылысты «Талибан» ұйымдастырған

  • 158
  • UPD: 10:32, 08.07.2019
Ауғанстандағы жарылысты «Талибан» ұйымдастырған EADaily

Ауғанстанның Газни қаласында болған жарылыстан 179 адам жарақат алды.

12 адам мерт болды. Елдің денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккендердің саны әлі де өсуі мүмкін деп отыр. Жараланғандардың көбі дәрігерлердің бақылауында.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, халық көп шоғырланатын жерде жарылғыш зат орнатылған жүк көлігінің күлі көкке ұшқан. Лаңкестікке қатысты жауапкершілікті «Талибан» террорлық ұйымы өз мойнына алды.

Хабар 24 телеарнасы