387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Конгода Эбола вирусының дерті анықталды

  • 246
  • UPD: 10:59, 16.07.2019
Конгода Эбола вирусының дерті анықталды

Конгоның ірі мегаполисінде Эбола дертінің вирусы анықталды. Гома қаласында  пасторлардың бірі аталған індетке шалдыққан.

Ол бұған дейін Бутембо қаласында болып, вирус жұқтырған науқастармен тілдескен еді. Миллионнан астам тұрғыны бар Гома қаласының әкімшілігі қатерлі індетке барынша дайындалған. Қалада қол жуатын стансалар орнатылды. Ал мото-такси жүргізушілері шлемдерін өзара ауыстырмайтын болды. Алайда дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы көңіл көншітпей отыр. Эбола вирусы адам қарасы қалың жерге бір іліксе болды – таралуы жылдамдай түседі.

Хабар 24 телеарнасы