386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ Иранмен келіссөз жүргізуге дайын

  • 223
АҚШ Иранмен келіссөз жүргізуге дайын

«АҚШ Иранмен ешқандай алғышартсыз келіссөз жүргізуге дайын».

Мұндай мәлімдемені осы елдің мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Аргентина астанасында өткен лаңкестікпен күрес туралы конференцияда мәлімдеді. Оның айтуынша, ресми Тегеран болса екіжақты келіссөз бастаудың орнына түрлі шарттар қоюда.

Еске сала кетейік, кеше Иран сыртқы істер министрі Джавад Зариф АҚШ-қа елдегі ядролық нысандарды кеңейтілген тексеру туралы хаттамаға қол қоюды ұсынды. Осыдан кейін АҚШ қаржы министрінің орынбасары «бұл Тегеранның екіжақты келіссөз жүргізгісі келіп отырғанын білдіреді» деп мәлімдеген еді. 

Хабар 24 телеарнасы