386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстанда болған жарылыстан 18 адам қаза тапты

  • 120
  • UPD: 17:30, 07.08.2019
Ауғанстанда болған жарылыстан 18 адам қаза тапты

Ауғанстан астанасы Кабулда жойқын жарылыс болып, 18 адам қаза тапты. 100-ге жуық тұрғын жарақат алды.

Олардың көбі әйелдер мен балалар. Алдын ала ақпарға қарағанда лаңкестер шаһардағы полиция басқармасының бірінің жанында бомба жасырынған көлікті жарып жіберген. Шабуылды «Талибан» лаңкестік ұйымы мойынына алды. Қазір терактімен байланысты содырлар іздестіріліп жатыр. Жергілікті билік қаза тапқандар мен жарақат алғандардың саны арта түсуі мүмкін екенін айтады.

Хабар 24 телеарнасы