386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мьянмада лай көшкінінен 17 адам қаза тапты

  • 113
  • UPD: 13:12, 10.08.2019
Мьянмада лай көшкінінен 17 адам қаза тапты

Мьянманың оңтүстік-шығысындағы Мон штатында нөсер жауыннан лай көшкіні жүріп, 17 адам қаза тапты.

Табиғи апат Моттама қалашығының маңында болды. Биіктен аққан лай-батпақ 10-ға жуық үйді басып қалған. Қазірге дейін 30-ға жуық адам құтқарылған. Тағы ондаған тұрғын іздестіріліп жатыр. Жергілікті билік опат болғандардың саны әлі де өсуі мүмкін деп отыр.

Айта кетейік, Мьянмада соңғы екі күн бойы жауын нөсерлетіп, көптеген елді мекенді су басуда. БҰҰ өкілдігінің хабарлауынша, табиғат апатынан 12 мың адам баспанасын тастап көшкен.

Хабар 24 телеарнасы