АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы балабақшаның бірінде өрт шықты.
Қайғылы оқиғадан 8 айлық пен 7 жас арасындағы 5 бала қаза тапты. Тағы екі адам жарақат алған. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, оқиға 3 қабатты жекеменшік балабақшада тіркелді. Бөлмелердің бірінде шыққан өрт қас қағым сәтте ғимараттың өзге қабатына тарала бастаған. Әзірге тілсіз жаудың нақты себебі белгісіз. Оқиғаның жай-жапсарын анықтау үшін тергеу ісі басталды.