387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда баспана бағасы қымбаттады

  • 119
  • UPD: 10:36, 12.08.2019
Германияда баспана бағасы қымбаттады

Германияда пәтерақының бағасы жыл сайын шарықтап барады. Мысалы, соңғы 12 жылда Мюнхенде жалдамалы пәтердің бағасы 61 процентке өссе, Берлинде 70 процентке қымбаттаған.

Жергілікті тұрғындар бұған алаңдаушылық білдіріп, биыл елдің 18 қаласында наразылық акциясына шықты. Тіпті  референдум өткізу үшін 77 мың қол жинады. Құжат Берлинның Сенатында қаралғаннан кейін билік әзірше 5 жыл бойы жалдамалы пәтердің бағасы өзгеріссіз қалады деген шешімге келді. Енді жаңа заң жобасын Сенат мүшелері мақұлдауы керек. Бұл идеяны саясаткерлер жақтағанымен пәтер иелері қарсылығын білдіруде. Ал заңға бағынбағандар 500 мың еуроға дейін айыппұл төлейді.

Татьяна Кёппэ, маклер:

- Жаңа заң жобасына қарамастан жалдамалы пәтердің бағасы сол күйінде қалады деп ойламаймын. Тіпті ондаған пәтері барлар да «айыппұл төлеймін» деп сескеніп отырған жоқ. Өйткені Германияда баспана жеткіліксіз. Сондықтан билік елде құрылыс жұмыстарын тоқтатпау керек.

Хабар 24 телеарнасы