387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда егіздерге арналған фестиваль өтті

  • 209
Францияда егіздерге арналған фестиваль өтті

Францияның Плёкадёк қаласында егіз жандарға арналған фестиваль өтті.

Қызықты шараға 1 жарым мың адам қатысып, саяхатшылар елес көргендей сезінді. Себебі үстеріне бірдей киім киген жандар көбейіп, қала ерекше күй кешті. Фестивальде салтанатты шеру өтіп, ән шырқап, би биледі. Ал ауқымды шараны алғаш рет 1994 жылы Ален Лонэ есімді қала мэрі өзінің егіз қыздары үшін ұйымдастырған екен. Содан бері қызықты шара үзбей жалғасып келеді.

Ален Лонэ, фестивальді ұйымдастырушы:

– Мен фестивальді қыздарымды қуантып, бақытты ету үшін ойлап тапқан едім. Себебі әйелім екеуіміз егіздердің бір-бірін іздейтінін білеміз және кездескенде қуанатынын байқадық. Жалпы егіз адамдардың түсінігі бөлек. Олар тез тіл табысады. Оны осында жиналған егіз жандардың араласуынан-ақ байқауға болады.

Хабар 24 телеарнасы