387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Амазониядағы өрт: Боливия халқы халықаралық қауымдастықтан көмек сұрауда

  • 153
  • UPD: 09:39, 26.08.2019
Амазониядағы өрт: Боливия халқы халықаралық қауымдастықтан көмек сұрауда

Ашуға булыққан ондаған боливиялық жексенбі күні Ла-Пас орталығында наразылық акциясын ұйымдастырды.

Олар Боливия Амазониясындағы өрт ошақтарын сөндіру үшін халықаралық қауымдастықты көмек қолын созуға шақырды. Айта кетсек, Боливияның біраз бөлігі Амазонияның жасыл желегімен жамылған. Өткен аптаның соңында Боливия тілсіз жаумен күресуге және 2000-ға жуық өрт сөндірушіні мобилизациялау үшін АҚШ елінің Boeing 747 ұшағымен келісім жасасқан еді. Бұдан бөлек, тағы бірнеше шағын ұшақ пен тікұшақ тартылған болатын. Дей тұрғанмен, алапат өртті ауыздықтау оңай шаруа болмай тұр. Қызыл жалын шарпыған жердің ауқымы бейсенбіден бері 2 есеге артты.

Хабар 24 телеарнасы