385,90 427,70 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда ралли кезінде жанкүйер қоршаудан құлап кетті

  • 109
  • UPD: 10:28, 26.08.2019
Германияда ралли кезінде жанкүйер қоршаудан құлап кетті tengrinews.kz

Германияда ралли кезінде жанкүйер абайсызда қоршаудан құлап кетіп, Citroen командасының спортшысы Мэдса Остберг айдаған көліктің астына түсіп қала жаздады, деп хабарлайды lenta.ru

Оқыс жағдай туралы бейнежазба Twitter –де тарап кетті.

Остбергтің айтуынша, ер адам ол тұрған аумаққа қарға адым қалғанда құлаған. Абырой болғанда спортшы рөлді бұрып үлгерген.

«Жігіттің бағы бар екен. Ол құлаған кезде мен сол тұстан сағатына 150 шақырым жылдамдықпен жүйткіп бара жатқам. Әйтеуір соқтығыспай, аман қалды», – деп жазады ол.

Хабар 24 телеарнасы