389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аргентинада АҚШ долларын сатып алуға шектеу қойылды

  • 174
  • UPD: 10:52, 02.09.2019

Ел президенті Маурисио Макри жексенбі күні осындай жарлыққа қол қойды. Енді америка валютасын сатып алу үшін экспорттаушы компаниялар Орталық банктен рұқсат алулары тиіс.

Бұдан былай аргентиналықтар айына тек 10 мың доллар көлемінде ғана АҚШ валютасын сатып ала алады. Айта кетсек, Аргентина үкіметі мен Орталық банкі 11 тамызда өткен сайлаудан кейін песоның құлдырауына байланысты ел экономикасын тұрақтандыруға тырысып келеді. Өткен аптада төл валютаның жылдық құлдырауы 36 процентке жеткен болатын.

Хабар 24 телеарнасы