388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Индонезияда орман өртіне байланысты мектептер жабылды

  • 254
  • UPD: 07:29, 12.09.2019
Индонезияда орман өртіне байланысты мектептер жабылды aysor.am

Индонезияда орман өртінен мектептердің бір бөлігі жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі, түтін елдің көп аймағына таралып, ауруханаларға тыныс жолдары ауырып түскендер қатары көбейді. Тіпті көрші Малайзия билігі де 400 мектепті жауып, Саравак штатының тұрғындарына жүздеген мың маска таратты.

Айта кетейік, соңғы бірнеше аптада Индонезияның Суматра аралы мен Калимантан провинциясында орман өрті басылмай тұр. Тілсіз жаумен күреске жүздеген әскери мен полицей жұмылдырылған. Алайда аптап ыстық оны сөндіруге кедергі келтіруде.

Хабар 24 телеарнасы