387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореядан Жапониямен ынтымақтастықты қалпына келтіру талап етілді

  • 171
Оңтүстік Кореядан Жапониямен ынтымақтастықты қалпына келтіру талап етілді rossaprimavera.ru

Оңтүстік Корея мен Жапония арасындағы әскери ақпаратпен алмасу туралы келісімді жаңарту қажет.

Кореялық отставкадағы генералдар мен адмиралдар қауымдастығы Сеулде осындай талап қойды. Әскерилердің пікірінше, бұл келісімнің күшін жою Сеул мен Токио арасындағы қатынастарды бұзып қана қоймай, Оңтүстік Кореяның АҚШ-пен одақтастығын бұзуы мүмкін. Генералдар сонымен бірге президенттің Солтүстік корея елімен жақындасу саясатымен келіспейді. Жуырда Мун Чже Ин мен Ким Чен Ынның кездесулері нәтижесіз өтті. Өйткені Солтүстік Корея басшысы зымырандарды ұшырып, ядролық қару жасауды жалғастыруда. Естеріңізге сала кетейік, өткен айдың соңында Сеулде Жапониямен әскери ақпарат алмасу туралы келісімді ұзартпауға шешім қабылдады.

Ким Хён Чхоль, отставкадағы генерал:

– Солтүстік Корея зымырандарды ұшырған кезде Оңтүстік Корея радарлары оларды бірінші болып анықтайды. Ал зымырандардың Шығыс теңізіне түсу сәтін Жапония радарлары көре алады. Сондықтан тамыз айында КХДР зымырандарын ұшыру кезінде біздің Қорғаныс министрлігі олардың ұшу қашықтығы 490 шақырым екенін айтты. Келесі күні Жапониядан ақпарат алғаннан кейін әскерилер 600 км қашықтықты түзетті. Бұл маңызды техникалық ақпарат қана емес, сонымен қатар Америка Құрама Штаттарының, Оңтүстік Кореяның және Жапонияның үшжақты одақтасуы үшін өте маңызды.

Хабар 24 телеарнасы