389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Nissan компаниясының басшысы отставкаға кетті

  • 209
Nissan компаниясының басшысы отставкаға кетті m24.ru

Nissan Motor жапон компаниясының басшысы Хирото Сайкава дүйсенбіде, 16 қыркүйекте отставкаға кетті.

Корпорация басшысы лауазымына мұрагер осы жылдың қазан айында тағайындалады. Бұл туралы жапондық Киодо агенттігі хабарлады.

Сайкаваның орнынан кетуі компанияның кірісін ұлғайту және француздық Renault-пен қарым-қатынасты теңестіру қажеттілігіне байланысты болуы мүмкін, деп жазады Live.ru. Бұл компанияның нарықта бәсекеге қабілетті болуы үшін басшының ізбасары болуы керек.

Қазіргі уақытта Саикаваның міндеттерін  Nissan және Renault директорлар кеңесінің мүшесі, басқарушы Ясухиро Ямаути уақытша атқарады.

Авторы: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы