389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сауд Арабиясы туристер санын арттыруды көздеп отыр

  • 172
  • UPD: 08:31, 29.09.2019
Сауд Арабиясы туристер санын арттыруды көздеп отыр

Сауд Арабиясы елге келетін саяхатшылардың санын жылына 100 миллион адамға өсіруді жоспарлап отыр.

Ресми Эр-Рияд мұндай межеге 2030-шы жылға қарай қол жеткізбек. Осы мақсатта корольдік тарихта алғаш рет виза режимін жеңілдетті. Енді әлемнің 49 елінің азаматтары діни сеніміне қарамастан осы мемлекеттің туристік визасын ала алады. Ал әйелдерге ер адамдарсыз жүруге рұқсат беріледі. Туристік визаның құны 120 доллар тұрады, ал құжатты ғаламтор арқылы немесе ұшып барған соң рәсімдеуге болады. Айта кетейік, Сауд Арабиясы бұған дейін әлемде туристер үшін ең жабық елдердің бірі саналған. Оған тек жеке шақыру немесе іскерлік және қажылық үшін ғана кіруге болатын.

Хабар 24 телеарнасы