389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Опера әншісі Джесси Норман қайтыс болды

  • 151
  • UPD: 10:27, 01.10.2019
Опера әншісі Джесси Норман қайтыс болды ТАСС

75 жастағы америкалық опера әншісі Джесси Норман Нью-Йоркте қайтыс болды, деп хабарлайды ТАСС.

Әншінің өліміне 2015 жылы алған жұлын жарақатынан туындаған асқынулар себеп болған.

Джесси Норман 1945 жылы Джорджия штатындағы Огаста қаласында дүниеге келген. Ол 1969 жылы Берлинде Елизавета рөлінде (Рихард Вагнердің «Тангейзер» операсы), 1972 жылы - Ла Скала театрының сахнасында Аида рөлінде (Джузеппе Вердидің «Аида» операсы) және Covent Garden опера театрында Кассандра рөлінде өнер көрсетті.

Норман бес рет Grammy сыйлығына ие болған.

Хабар 24 телеарнасы