389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияның жағалау қызметі мигранттар мінген қайықты ұстады

  • 165
  • UPD: 08:07, 05.10.2019
Испанияның жағалау қызметі мигранттар мінген қайықты ұстады

Испанияның жағалау күзеті Гран-Канария аралы жағалауынан мигранттар мінген қайықты ұстады.

Су көлігінде 7 ер адам, 11 әйел мен 2 бала болған. Барлығы Африка елдерінен шыққан екен. Испания ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, олар Гибралтар бұғазында көшуге мәжбүр болған босқындардың кемелерін жиі ұстайды. Ағымдағы жылдың өзінде аталған аймақта шамамен 18 жарым мың мигрантты тұтқындапты.

Хабар 24 телеарнасы