389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пхеньян ядролық орталықты жапса, Трамп санкцияларды алып тастауға дайын

  • 170
Пхеньян ядролық орталықты жапса, Трамп санкцияларды алып тастауға дайын

Солтүстік Корея Йонбёндағы ядролық орталықты жапса, президент Дональд Трамп санкцияларды уақытша алып тастауға дайын.

Бұл туралы Ақ үйге сілтеме жасап «Тайм» газеті хабарлады. Басылымның жазуынша, қазанның 1-і күні Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің отырысында осындай ұсыныс талқыланған. Мақсат – Пхеньямен арадағы тоқтап қалған келіссөзді қайта жандандыру.

Айта кетейік, кеше Швецияның Лидингё қаласында АҚШ пен Солтүстік Корея өкілдерінің кездесуі өтті. Бұл – ақпан айында екі ел басшысының Ханойдағы нәтижесіз аяқталған келіссөзден кейінгі алғашқы басқосуы.

Хабар 24 телеарнасы