389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


NASA алғаш рет әйелдер экипажын ғарышқа ұшырады

  • 148
  • UPD: 12:48, 10.10.2019
NASA алғаш рет әйелдер экипажын ғарышқа ұшырады grettyimages

НАСА 21 қазанда Кристина Кох пен Джессика Меир атты ғарышкерлерді сапарға аттандырады.

Бұл тарихтағы тек қана әйелдерден тұратын алғашқы ғарыш сапары болмақ.

Осы уақытқа дейін ғарышқа 200-ден астам сапар жасалып, 15 әйел ғарышқа барған. Дегенмен олар үнемі ер адамдармен бірге аттанған.

Әйелдер экипажының ғарышқа сапары 29 наурызға жоспарланып, алайда белгілі себептерге байланысты тоқтатылған болатын.

Live Science

Аударған: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы