389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда тайфуннан адам қаза тапты

  • 130
  • UPD: 16:19, 12.10.2019
Жапонияда тайфуннан адам қаза тапты

Жапонияда соққан Хагибис дауылынан Тиба прфектурасында 1 адам қаза тауып, тағы 5 тұрғын жарақат алды.

Елдің 10 аймағының тұрғындарына эвакуациялануға кеңес берілді. 800 мыңға жуық адам жарықссыз қалған. Дүлей желге байланысты Токиодағы Ханэда әуежайы мен метро жұмысын тоқтатылды. Қазір сұрапыл дауыл Жапонияның оңтүстік-шығысында сағатына 165 шақырым жылдамдықпен соғып жатыр. Дүлей жел Токиоға бүгін кешке жетуі тиіс. Мамандар оны 1958-ші жылғы Ида дауылымен салыстырып отыр. Ол кезде табиғат апатынан 1 мыңнан астам адам көз жұмған болатын.

Хабар 24 телеарнасы