387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда тайфуннан қаза тапқандар саны 75-ке жетті

  • 211
  • UPD: 17:13, 16.10.2019
Жапонияда тайфуннан қаза тапқандар саны 75-ке жетті

Жапонияда «Хагибис» тайфунынан опат болғандар саны 75-ке жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 10-нан астам адамның тағдыры беймәлім. Құтқару-іздестіру операциясы әлі де жалғасуда. Ал табиғат апатынан жарақат алғандардың саны 220-ға дейін жетті. Мамандар апат зардабын жою үшін 6,5 миллион доллар қаражат қажет екенін айтады. Елдің солтүстік шығысында бірнеше аудандар топан су астында қалды. Ал толассыз жаңбыр салдарынан өзендер арнасынан тасып, бөгеттер бұзылған. Шамамен 12 мың баспанада жарық өшті.

Еске сала кетейік, сұрапыл тайфун Жапония жағалауына сенбі күні жеткен болатын.

Хабар 24 телеарнасы