423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тель-Авивте израильдіктер Түркияның әскери операциясына қарсы ереуілге шықты

  • 661
  • UPD: 18:21, 16.10.2019
Тель-Авивте израильдіктер Түркияның әскери операциясына қарсы ереуілге шықты

Тель-Авивте израильдіктер Түркияның әскери операциясына қарсы наразылық акциясына шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ашуға бой бергендер АҚШ пен Түркия елшілігінің алдына жиналды. Наразылар қолдарына жалау ұстап, Халықаралық қауымдастықты Сирия шекарасындағы әскери іс-қимылды тоқтатуға шақырды. Жиналғандар қолдарына Гитлер мен Ердоғанның суретін ұстап шыққан.

Естеріңізге салайық, Түркия мен Сирия шекарасындағы жағдай ушығып барады. Осыған орай әлем елдері алаңдаушылығын білдіріп, өңірдегі қақтығысты доғаруын талап етуде. «Рейтер» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қанды қырғыннан шекарадағы 200-ге жуық күрд Иракқа қарай ағыла бастады.

Хабар 24 телеарнасы