388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияның Мабрука лагерін паналаған босқындар үдере көшті

  • 212
  • UPD: 10:52, 18.10.2019
Сирияның Мабрука лагерін паналаған босқындар үдере көшті

Сирияның Рас-эль-Айн қаласынан 43 шақырым жерде орналасқан лагерьден босқындар қауіпсіз жерге көшіп жатыр.

Онда қазір оншақты отбасы ғана қалған. Мабрука лагеріне босқындар Дэйр-эль-Зор қаласынан бас сауғалап келген еді. Енді қауіпсіз жерге көштік пе дегенде түркиялық тараптың бомбалауына тап болды. Сөйтіп, босқындар уақытша баспанасын да тастап басқа жерге көшіп жатыр. Бүгінде лагерде қалғандар көмекке зәру екенін айтып, дабыл қағуда. Қыста қалай күн көреміз деп алаңдаулы. Айта кетейік, Түркия тарапы бастаған әскери операция салдарынан өңірден 160 мың сириялық тұрғын баспанасын тастап, бас сауғалауға мәжбүр болған.

Хабар 24 телеарнасы