388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Корея электрондық мемлекеттік сатып алу жұмыстарын одан әрі жақсартпақ

  • 135
Оңтүстік Корея электрондық мемлекеттік сатып алу жұмыстарын одан әрі жақсартпақ

Электрондық сатып алу процесін барынша ашық ету.

Бұл - Оңтүстік Кореяның мемлекеттік сатып алу қызметі тарапынан Еуразиялық экономикалық одақ мүше елдері өкілдер үшін өткізілген семинардың мақсаты. Таңғы самал елінде мемлекеттік ұйымдар тауарлар мен қызметтерді сатып алу процесін екі мың екінші жылдан бастап онлайн режимінде жүргізіліп жатыр. Содан бері осы салада бұзушылықтар өте сирек кездеседі. Сонымен бірге сауда-саттық, келісімшарт, тауарды жеткізу және төлеу электронды түрде жүзеге асырылады. Сондай-ақ онлайн режимінде мемлекеттік органдарда тендерлердің қалай өткізілетінін көруге болады. Тұтынушылар саусақ ізі арқылы ғаламтордағы электронды сатып алу жүйесіне кіре алады және смартфонындағы қосымшаны пайдаланып, процестің барысын бақылай алады.

Пак Джин Вон, Корея мемлекеттік сатып алу қызметі департаментінің директоры:

– Біздің комитет 2022 жылға дейін электрондық мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жақсартуға ниетті. Біз өз тәжірибемізбен Еуразиялық одақ елдерінің қатысушыларымен бөліскіміз келеді. Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында біз Big Data және жаңа жетілдірілген технологияларын қолдана отырып, 2020 жылға дейін жүйені жетілдіруге және жаңартуға ниеттіміз.

Хабар 24 телеарнасы