388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ әскерилерін Ирак жеріне лаңкестермен күреске аттандырмақ

  • 212
  • UPD: 15:28, 20.10.2019
АҚШ әскерилерін Ирак жеріне лаңкестермен күреске аттандырмақ

Сирияның солтүстік-шығысындағы мыңға жуық американдық әскери Ирактың батысына «Ирак және Левант» лаңкестік ұйымымен күреске жіберіледі.

Бұл туралы қорғаныс министрі Марк Эспер мәлімдеді. Министрдің айтуынша, АҚШ бұл қадамға терорристердің көзін жойып, әлемде қауіпсіздік орнату үшін барып отыр.

Айта кетейік, 9 қазан күні Түркия тарапы Сирияның солтүстігінде «Бейбітшілік қайнары» операциясын бастаған болатын. Мақсат – өңірді Анкарада лаңкес деп саналатын күрд жасақтарынан азат етіп, онда 2 миллион сириялық босқынды көшіру.

Хабар 24 телеарнасы