388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда колледж студенттері бастарына қорап киіп отырып емтихан тапсырды

  • 190
  • UPD: 10:07, 21.10.2019
Үндістанда колледж студенттері бастарына қорап киіп отырып емтихан тапсырды

Үндістанда колледж студенттері тапсырма жауаптарын бір-бірінен көшірмес үшін емтиханда бастарына қорап киіп отырған.

Үндістанның Хавери қаласында колледждің бірінші курс студенттері бастарына картон қорапшалар киіп отырып, химия пәнінен емтихан тапсыруға мәжбүр болды, деп хабарлайды The Times of India.

Қораптарда студенттердің беттері ашық тұру үшін арнайы саңылауы болған.

Колледж бұл жағдайды студенттердің келісімімен болған эксперимент екенін айтады.

Хабар 24 телеарнасы