388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қақтығыс кезінде қаза тапқан студенттің өліміне наразы Гонконг тұрғындары ереуілге қайта шықты

  • 100
  • UPD: 15:11, 09.11.2019
Қақтығыс кезінде қаза тапқан студенттің өліміне наразы Гонконг тұрғындары ереуілге қайта шықты

Гонконгте тағы шерулер өтіп, тәртіпсіздік орын алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған бірер күн бұрын 22 жастағы студенттің наразылық акциясы кезінде қайтыс болуы себеп. Марқұмның рухына тағзым ету рәсімінен кейін шараға қатысушылар полициямен қақтығысты. Шерушілер көшелерге өрт қойып, тәртіп сақшылары оларға қарсы күш қолданды. Жарақат алғандар туралы ақпарат жоқ.

Айта кетейік, 22 жастағы Алекс Чоу бейсенбі күні шаһарда болған шеру кезінде қайтыс болды. Ол полицияның жабық көлік тұрағында шашқан көзді жасаурататын газынан қашамын деп, ғимараттың бір қабатынан жерге құлап түскен. Қазір оқиға тергеліп жатыр.

Айта кетейік, бұл 5 айдан бері жалғасып келе жатқан шерулер кезіндегі алғашқы өлім болды.

Хабар 24 телеарнасы