418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралияда орман өртінен 2 адам көз жұмды

  • 498
  • UPD: 17:59, 09.11.2019
Австралияда орман өртінен 2 адам көз жұмды

Австралияның оңтүстік-шығысындағы орман өртінен 2 адам қайтыс болып, 30 адам жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 7 тұрғын із-түзсіз жоғалып, іздестіріліп жатыр. Лаулаған жалын 150-ге жуық үйді тып-типыл етті. Жалпы Жаңа Оңтүстік Уэльс пен Квинсленд аймақтарында 150-дей өрт ошағы тіркелген. Тілсіз жаумен 1,5 мыңнан астам маман күресуде. Алайда күннің ыстық әрі желді болуы оны өшіруге кедергі келтіріп тұр. Билік табиғат апатынан жапа шеккендердің саны арта түсетінін айтады.

Хабар 24 телеарнасы