376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда 8 мыңға жуық банк қызметкері жұмыстан қысқартылады

  • 173
  • UPD: 13:53, 04.12.2019
Италияда 8 мыңға жуық банк қызметкері жұмыстан қысқартылады

Италияның ең ауқымды Unicredit банкі 500 бөлімшесін жауып тастамақ. Яғни 8 мыңға жуық қызметкер жұмыстан қысқартылады.

Бұл қаржы мекемесінде жұмыс істейтіндердің он проценті деген сөз. Банк басшыларының айтуынша осы шаралар арқылы бір миллард еуроны үнемдеп қалуға болады. Қысқарту үдерістері 2020 мен 2023 жылдар аралығында жүзеге асады. Италиялық бөлімшелерден 5,5 мың қызметкер жұмыссыз қалмақ. Сондай-ақ Германия мен Австриядағы банктерде де жұмыс орындары қысқарады. Айта кетейік, «Юникредит» банкінде барлығы 84 мың қызметкер бар. Оның 60 мыңы Батыс Еуропада жұмыс істейді.

Хабар 24 телеарнасы