426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда бейбіт шерулер соңы қақтығысқа ұласты

  • 522
  • UPD: 11:44, 06.12.2019
Францияда бейбіт шерулер соңы қақтығысқа ұласты

Тәртіп сақшылары ереуілшілерге қарсы көз жасаурататын газ қолданған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдын ала ақпарларға сәйкес, зейнетақы реформасына қарсы наразылық акциясына мемлекет бойынша 1,5 миллиондай адам шықты. Кәсіподақ жалпыұлттық ереуіл алғашында бейбіт түрде өтеді деген еді. Дегенмен, полициямен ерегіскен ереуілшілер де табыла кетті. Заң бұзған ондаған тұрғын темір торға қамалған. Наразы халық кемінде дүйсенбіге дейін ереуілдетеміз деп отыр. Айта кетейік, бұл 1995 жылдан бергі ең ауқымды толқулар. Франциялықтар президент Макронның зейнетақы реформасына өзгертулер енгізуіне қарсылық танытып отыр. Ал мемлекет басшысы бұл жүйенің қымбатқа түсетінін айтып, жаңашылдық керектігін айтады.   

Хабар 24 телеарнасы