380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконгте ұсталғандар шеру кезінде қару қолданбақ болған

  • 225
  • UPD: 20:09, 08.12.2019
Гонконгте ұсталғандар шеру кезінде қару қолданбақ болған

Гонконг полициясы шеру алдында радикалды топтың 11 мүшесін ұстап, олардан тапанша мен оқдәрі тапты.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, күдіктілер наразылық шарасы кезінде қару қолданбақ болған. Қамауға алынғандардың арасында қазанның 20-сы күні полиция учаскесіне жанғыш зат лақтырып, іздеуде жүргендер бар. Еске салайық, Гонконгте маусым айынан бері билікке қарсы наразылық шерулері жалғасып келеді. Бұл акция жергілікті жұрттың қылмыскерлерді Қытайға экстрадициялау туралы заң жобасына қарсылығынан  басталған.

Хабар 24 телеарнасы