426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Парижде зейнетақы реформасына қарсы ереуілде 16 адам ұсталды

  • 452
  • UPD: 17:24, 10.01.2020
Парижде зейнетақы реформасына қарсы ереуілде 16 адам ұсталды

Парижде зейнетақы реформасына қарсы ереуілдер кезінде 16 адам тұтқындалды. Кәсіподақтың ақпарына қарағанда көшеге 370 мың ереуілші шыққан. 

Жалпыұлттық ереуілдер Францияда 5 желтоқсан күні басталған еді. Наразылық акциясына алғашында тек теміржолшылар қатысып келді. Ізінше президент Эмманюэль Макронның саясатына көңілі толмаған заңгер, мұғалім, сот, медицина қызметкерлері де ереуілшілердің қатарына қосылды. Макронның реформасы зейнетақы жасын ұзартуды көздейді. Ал қызметкерлер президенттің бұл бастамасына қарсы. Бұл жолғы ереуіл тәртіп сақшылармен қақтығысқа ұласты. Көпшілікті тарату үшін полиция көз жасаурататын газ бен су атқыш қолданған.

Хабар 24 телеарнасы