379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иракта наразылық шерулерінен 60-тан астам адам жарақат алды

  • 200
  • UPD: 08:55, 14.01.2020
Иракта наразылық шерулерінен 60-тан астам адам жарақат алды

Ирактың Васит провинциясында үкіметке қарсы наразылық шерулері өтіп, 60 адам жарақат алды.

Олардың көбі – тәртіп сақшылары. Полицейлермен қақтығыс Васит университетінің жанында болды. Шерушілер сыбайлас жемқорлықпен бірге АҚШ пен Иранның елдің ішкі істеріне араласуына наразы. Толқулар Кербала қаласында да өтіп, онда 6 адам жапа шеккен. Айта кетейік, Иракта билікке қарсы шерулер былтыр қазан айынан бері жалғасып келеді. Тұрғындар жемқорлықтан ел экономикасы құлдырап, халықтың әл-ауқаты нашарлап кеткенін айтады. Сондықтан режимді толығымен ауыстыруды талап етіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы