Индонезиядағы Оңтүстік Суматра провинциясында жаһандық жылынудың салдарынан тұрғындары жоқ екі арал толығымен су астында қалды.
Бұл туралы The Straits Times хабарлады.
Бетет және Гундул аралдарын су басып қалды.
Сонымен қатар осы провинциядағы тағы төрт аралдың жойылып кетуі мүмкін.
Калонг және Салах-Нама аралдары су бетінен екі метр биіктікте, Крамат аралында судан 3 метр биіктікте тұр.