376,84 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Канадада төтенше жағдай жарияланды

  • 153
  • UPD: 22:26, 18.01.2020
Канадада төтенше жағдай жарияланды

Канаданың Атлант мұхиты жағалауында да алай-түлей боран.

НьюФаундленд және Лабрадор провинциясының кей қалаларында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда қардың қалыңдығы тізеден асады. Сент-Джонс шаһарында желдің жылдамдығы сағатына 120 шақырымға жетіп бірқатар мекеме жабылды. Жолдарды қар басқан. Мыңдаған тұрғын жарықсыз отыр. Мамандардың айтуынша, боранның ертең де басылар түрі көрінбейді.

Сент-Джонс қаласының тұрғыны:

– Мен осы қалада 26 жылдан бері тұрамын. Бірақ жолдардың қазіргідей бітеліп қалғанын көрмеппін. Мұндай күн райы алдағы уақытта болмас деп үміттенемін.

Хабар 24 телеарнасы