419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Австралияда жол апатынан төрт бала мерт болды

  • 592
  • UPD: 13:42, 03.02.2020
Австралияда жол апатынан төрт бала мерт болды

Австралияда жол апатынан 4 бала мерт болып, тағы үшеуі жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаза болған 4 баланың үшеуі бір үйдің балалары. Белгілі болғандай, жүргізуші мас күйде көлікке отырған. Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының полициясының хабарлауынша, оқиға кезінде балалар жаяу жүргіншілерге арналған жолмен келе жатқан. Күдікті тәртіп сақшыларының қолына түсті. Қазір оған бірнеше қылмыс түрі бойынша айып тағылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы