443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирусқа қарсы вакцина 18 айдан кейін дайын болады

  • 231
  • UPD: 12:27, 12.02.2020
Коронавирусқа қарсы вакцина 18 айдан кейін дайын болады

Қытайда коронавирустан қаза тапқандар саны тағы өсіп, 1 мың 105-ке жетті, деп хабарлайды «Хабар 24»

Қауіпті дертті жұқтырғандар 44 мыңнан асты. Олардың 7 мыңнан астамы ауыр халде жатыр. Науқастармен байланыста болған 428 мыңнан астам адам жіті бақылауда. Қазірге дейін 4 мыңнан астам науқас індеттен жазылып шықты. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Қытайда адамдарды баудай қырып жатқан коронавирусты «қазір әлемге үлкен қауіп төндіріп тұрған жау» деді. Халықаралық ұйым оған қарсы вакцина тек 18 айдан кейін ғана жасалып шығатынын айтады. 

Тедрос Адханом Гебрейесус, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры:

– Біз бұл қауіпті вируспен қолда бар мүмкіндіктердің бәрін пайдаланып бірге күресуіміз қажет. Егер бұлай істемесек, қазіргіден де ауыр жағдайға тап болып, көп шығынға батамыз. Мұндайды ешкім қаламайды, әрине.

Ал Қытайда жаңа коронавирусқа қарсы алғашқы вакцинаны сынақтан өткізу басталды. Осы елдің Жұқпалы ауруларды бақылау және емдеу орталығы мен Шанхайдағы Тунцзи университеті бірлесіп дайындаған вакцина тышқандарға егіліп тексерілмек. Бірақ мамандар оны адамдарға қолдану үшін әлі көп уақыт керек екенін айтады.

Хабар 24 телеарнасы