439,09 487,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ханауда атыс ұйымдастырған қылмыскер өз анасын да өлтірген

  • 217
  • UPD: 16:46, 20.02.2020
Ханауда атыс ұйымдастырған қылмыскер өз анасын да өлтірген РИА Новости

Германияның Ханау қаласында атыс ұйымдастырған ер адамның үйінен егде жастағы әйелдің денесі табылды.

ADR арнасы сарапшысының хабарлауынша, ол қылмыскердің анасы болған. Оқ жаудырған 43 жастағы ер адамның мүрдесі де сол пәтерден табылған. Алдын ала болжам бойынша, оны мұндай қылмысқа шетелдіктерге деген жеккөрушілік итермелеген, деп жазады rosbalt.ru.  

Естеріңізге сала кетейік, сәрсенбіден бейсінбіге ауған түні Ханау қаласының орталығында орналасқан қорқор барында белгісіз біреу қонақтарға оқ жаудырып, артынша оқиға орнынан көлікпен қашып кеткен. Қайғылы жайттан, қылмыскер мен оның анасын есептегенде, 11 адам көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы