443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда коронавируспен күрес шараларына қарсы шеру өтті

  • 250
  • UPD: 22:13, 22.02.2020
Оңтүстік Кореяда коронавируспен күрес шараларына қарсы шеру өтті

Сеулдің басты алаңында ондаған мың адам Оңтүстік Корея үкіметінің коронавирусқа қарсы саясатына наразылық білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Акцияға қатысушылар барлық Қытай азаматтарының елге кіруіне тыйым салуды талап етті. Қазір шектеулер тек індет тіркелген Хубей провинциясының келушілеріне қойылған. Президент әкімшілігіне Қытай тұрғындарының елге кіруіне тыйым салу талап етілген петиция жіберілді. Оған оңтүстіккореялықтардың 740 мыңы қол қойған. Алайда, Денсаулық сақтау министрі үкімет шетел азаматтарының кіруіне тыйым салғысы келмейтінін мәлімдеді. Өйткені инфекцияны шетелдік туристер емес Қытайға барған оңтүстіккореялықтар таратты. Сеулдің негізгі үш алаңында жаппай шаралар өткізуге тыйым салынғаны да оппозициялық партиялардың наразылығына себеп болды. Осы ережені бұзғаны үшін екі жарым мың долларға дейін айыппұл қарастырылған. Дегенмен, төрт күннің ішінде вирус жұқтырғандар саны төрт есе өсті. COVID-19 елдің төрт жүз отыздан астам азаматында анықталған. Олардың көбі Тэгу және оған жақын аудандарда тіркелген.

Жергілікті тұрғын:

- Егер Ухань пневмониясы қауіпті болса, онда бастапқы кезеңде неліктен олқылықтар болды, неге Қытай азаматтары Кореяға кедергісіз кірді. Вирустың енуіне және Ухань аймағындағы азаматтардың елге кіруіне жол бермеу керек еді. Митингтің неге тыйым салынғанын.

Хабар 24 телеарнасы