Алайда заң шығарушы орган өз қызметін жалғастыруда.
Иран меджлисінің 23 өкілінен қауіпті вирус анықталды. Бұл туралы бірпалаталы Парламент вице-спикері Абдольреза Месри мәлімдеді.
«Қазіргі таңда 23 депутаттың тест қорытындысы осыны көрсетіп отыр», – деп жазды парламенттік басылым YJC.
Кейінгі мәліметтер бойынша, Иранда індеттен 77 адам мерт болып, 2336 тұрғын дертпен күресуде.